Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемӘлеуметЖаңалықтар

Экономистер Трамп мақтанған кедендік баж салықтың жетістіктеріне күмән келтіруде

Фото: americanagnetwork.com

Трамп орталық сайлау алдындағы экономиканың жақсарғанын көрсету үшін, басты экономикалық жетістіктері ретінде сауда тапшылығының азаюын және кедендік баж салығынан түскен жоғары кірістерді алға тартып отыр.

Бірақ шын мәнінде жағдай солай ма?

Қазір Президент негізгі штаттарды аралап жүр.

«Естеріңізде ме, «тариф» менің сүйікті сөзім, – деді Трамп Пенсильванияда. – «Таривтер бізге жүздеген миллиард доллар әкеліп отыр. Біз бұрын-соңды болмаған нашар сауда келісімдерін жасадық, әлем біздің елге күлді, бірақ енді күлмейді».

Бірақ бұл шынымен солай ма?

Жазылған нәрсе айқын

Pacific Research Institute-тің бизнес және экономика бойынша аға сарапшысы Уэйн Уайнгарден сауда тапшылығының азаюы мен рекордтық баж кірістері жалпы экономикалық жағдайдың нашар көрсеткіші немесе тіпті экономикалық проблемалардың белгісі болуы мүмкін екенін ескертеді.

«Сауда тапшылығын азайтсақ, америкалық компаниялардан тауар сатып аламыз, бәріміз жеңеміз – бұл жақсы идея, бірақ қате болжам. Бюджет тапшылығынан айырмашылығы, сауда балансы тапшылығы мәнсіз».

Оның сөзінше, бұл көрсеткіш қолжетімділікке немесе өсуге еш қатысы жоқ, сондықтан тек назар аудартатын құрал ғана.

Калифорния университетінің заң факультетінің профессоры, бұрынғы АҚШ Қаржы министрлігі қызметкері Кимберли Клаузинг сауда балансы тапшылығының азаюы адамдардың жалпы шығындары мен инвестицияларын қысқартқанын ғана көрсетуі мүмкін дейді.

Уәде етілген «алтын дәуір» қайда?

Екінші президенттік мерзімінің басында Трамп инаугурациядағы сөзінде: «Американың алтын дәуірі дәл қазір басталады», – деп мәлімдеген еді.

Алайда 2025 жылы АҚШ экономикасына қысым күшейген. Президент уәде еткен АҚШ экономикасының алтын дәуірі әлі келген жоқ.

Жұмысқа қатысты мәліметтер бойынша, АҚШ Еңбек департаменті 16 желтоқсанда хабарлағандай, қазан айында ел бойынша 105 мың жұмыс орны қысқартылған, қарашада 64 мың жаңа жұмыс орны ашылған, ал жұмыссыздық деңгейі соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 4,6%-ға қскен. Сондай-ақ отандық өндіріс саласында АҚШ Статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйек айында өнеркәсіптегі жұмысшы саны 12,706 миллионға жетіп, Трамп қызметке кіріскен 2025 жылғы қаңтардағы 12,755 миллионнан 49 мыңға азайған.

Ресми деректерге сәйкес, жылдың алғашқы 11 айында ай сайын орта есеппен 55 000 жаңа жұмыс орны ашылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 67%-ға төмен.

Президент бірнеше рет «бағаларды төмендетемін және тез арада төмендетемін» деп мәлімдесе де, шындықтағы нәтиже басқаша.

Goldman Sachs компаниясының бас саяси экономисі Алек Филлипс:

«Экономикалық құлдырау президенттің қатаң тарифтік саясатымен саяси және құқықтық ағынға тартылды, ал жақын айларда сауда кедергілері көбейместен, керісінше азаюы ықтимал», – деп атап өткен. Наурыздағы орта мерзімді сайлаулар жақындаған сайын, «тұрмыстық шығындар сайлаушылар үшін басты мәселе болып қала береді», және «ең айқын саясаттық құрал – баждарды төмендету», деді Филлипс.

Groundwork Collaborative, The Century Foundation және AFT ұйымдарының соңғы талдауына сәйкес, Трамп әкімшілігі кезінде ең танымал мерекелік сыйлықтардың бағасы айтарлықтай өскен, орта есеппен 26%, яғни жалпы инфляциядан тоғыз есе көп. Балаларының жасына қарамастан, ата-аналар биылғы мерекеде бағалардан шок алады.

Есеп көрсеткендей, биылғы Рождествода АҚШ-та үй және ас үй сыйлықтарының бағасы жылдық салыстырмалы көрсеткіш бойынша 38%-ға, электроника 34%-ға, киім, аяқ киім және аксессуарлар 20%-ға, ал ойыншықтар мен ойындар 17%-ға өскен. Бағаның өсуіне байланысты, 40% үй шаруашылығы сатып алатын сыйлық санын азайтқан, ал үштен бір бөлігі сыйлық алушылар санын қысқартқан. Трамп әкімшілігінің тұрақсыз баж саясаты мерекелік тауарлардың қымбаттауына басты себеп болған.

Трамп пен оның қызметкерлері экономика келесі жылдың бірінші тоқсанында өсе деп сенеді. Бұл сенім Трамптың One Big Beautiful Bill заң жобасының үлкен болжамына негізделген деп айтылады.

Белгісіздік сақталады

Экономисттердің көзқарасы бойынша, «жаңа алтын дәуірге» әлі алыс.

«Төмен табысты америкалықтардың көпшілігі бұл саясаттан зардап шегеді. 2026 жылы көпшілігі үшін жағдай қаншалықты жақсаратынын елестету қиын», — деді ол.

Болжам бойынша, 2025 жылы АҚШ экономикасы 2%-ға өседі, бұл 2024 жылғы 2,8%-дан төмен.

Тарифтік саясат инфляцияның тез өсу қаупін күшейтеді. 2025 жылы АҚШ-та тарифтердің әсері импорттаушы компаниялар арқылы тұтынушыларға түсіп, бағаны көтереді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, импорттаушы компаниялар шығынның көп бөлігін соңғы тұтынушыларға жүктеуге дайын. Тарифтік инфляцияның кешіктірілген әсері ұзақ мерзімді болуы мүмкін, сондықтан 2026 жылы инфляцияның өсу қаупін елемеуге болмайды.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді

bairakkz

БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІК

bairakkz

Ауғанстанда жауған қар мен аяз салдарынан 3 адам қаза тапты

bairakkz