Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері нөсер жаңбыр мен аптап ыстық күтіледі

Фото: freepik

«Қазгидромет» синоптиктері 4-6 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағына белсенді циклондар мен атмосфералық фронттардың әсері жалғасады. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болады.

4 шілдеде солтүстік-батыста, 4–5 шілдеде оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде, 5–6 шілдеде шығыста нөсер жаңбыр жауады. Ал солтүстік облыстарда жауын-шашын барлық кезең бойы күтіледі.

Сондай-ақ көптеген өңірде жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күшейеді. 5-6 шілдеде батыс және орталық облыстарда күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін, оңтүстік-батыста +40 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста +35 градусқа дейін ыстық болса, шығыс өңірлерде +35…+37 градус аралығындағы жоғары температура сақталады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Елордада киногерлер бас қосады

bairakkz

Шымкентте төрт баласын жалғыз асырап отырған әйелді сот банктен арашалап қалды

bairakkz

Магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталады

bairakkz