Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттар белгілі болды

ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімін жариялады. Компанияның мәліметінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес қауіпті немесе тыйым салынған заттарды пойызға алып өту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Пойызда алып жүруге болмайтын заттар қатарына жарылғыш және пиротехникалық бұйымдар, радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар, улы және биологиялық қауіпті материалдар кіреді. Сондай-ақ барлық түрдегі қару-жарақ, суық қару және оқ-дәрілерді тасымалдауға қатаң тыйым салынған.

Компания жолаушылар сапар алдында вокзалдарда міндетті қауіпсіздік тексеруінен өтетінін еске салды. Ірі теміржол вокзалдары заманауи рентген құрылғыларымен, металл детекторлармен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Қауіпсіздікті тәулік бойы полиция мен күзет қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар пойыздарда бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда Тальго пойыздарының 630 вагонына 1 350 камера орнатылған, ал мейрамхана және бар-вагондарда қосымша бейнебақылау іске қосылған. Барлық бейнематериалдар Ситуациялық орталықта бақылауға алынады.

Компания жолаушыларды бекітілген ережелерді сақтауға және қауіпсіздік талаптарына түсіністікпен қарауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

ҰОК «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын өткізеді

Ришат

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

bairakkz

Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды

bairakkz