Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Жеңіс Қасымбек: Келесі аптадан Астанадағы ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында пойыздар жүре бастайды

Фото: City Transportation Systems

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бір аптадан кейін елордадағы жеңіл рельсті транспорт (ЛРТ) желісінің бірнеше станциясы арасында пойыз қозғалысы тест режимінде іске қосылады, деп хабарлайды bairak.kz.

Келесі аптада, яғни бір аптадан соң, бір-екі станция арасында пойыздардың қатынауын бастаймыз. Жалпы тест режимі үш айдан алты айға дейін жалғасады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі. Ал желтоқсанға дейін барлығы 18 құрам толық келеді, – деді әкім Мәжіліс кулуарында.

Жоспар ойдағыдай орындалса, ЛРТ келесі жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін толық іске қосылады.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданында 14 балалы үлкен отбасы өз даусын берді

bairakkz

Жаңа көпір ауылды екіге бөлді – Мәжіліс депутаты мәселені бақылауға алды

bairakkz

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСАДЫ

bairakkz