Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Әлеуметтік желілерге жасқа байланысты шектеу енгізу туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылады

Фото: NTV

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында V Ұлттық құрылтайда өз саласы бойынша айтылған ұсыныстар мен тапсырмалардың қалай орындалатынын баяндады.

Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасып жатыр. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қол жеткізу мүмкіндігін шектеу мәселесі қарастырылуда. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформалар мен масс-медиаға қатысты заңға тиісті өзгерістер мен түзетулер әзірледі. Бұл өзгерістер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылады, – деді вице-премьер.

Сонымен қатар, министр жас шектеуін бұзу жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Біз Оқу-ағарту министрлігімен, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлейміз және қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын қарастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Аида Балаева.

Сәйкес жаңалықтар

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды

Ришат

Қарағандыда дропперлікпен айналысқан екі студентке сот үкімі шықты

bairakkz

Көксу ауданының 80 жылдығы тойланып жатыр

bairakkz