Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемӘлеуметБасты ақпаратСпорт

«Қайрат» – «Брюгге» матчы кезінде «Борат» костюмін киген бірнеше бельгиялық жанкүйер ұсталды

Фото: Видеодан скрин

20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында өткен футбол матчында бельгиялық «Брюгге» командасының үш жанкүйері танымал комедиялық кейіпкер Бораттың костюмін киіп шықты.

Олардың әрекеті жергілікті жанкүйерлерге құрметсіздік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып, полицияға жеткізілді.

Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, «қоғамдық орында мас күйінде болу және ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды».

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АЛМАТИНЕЦ. Таир Жиганбаев (@almatinec_live)

Сәйкес жаңалықтар

Жұқаев алғаш рет АТР санатындағы турнирдің ширек финалына шықты

bairakkz

Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды

bairakkz

Кәрім Мәсімовтің сарайы Оқу-ағарту министрлігінің қарамағына берілді

bairakkz