Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін міндетті зейнетақы жарнасын төлейді. Бұл талап тек 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерге қатысты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр 5 514 050 қызметкердің зейнетақы шотына жалпы 760 млрд теңге аударылған.
Жарна мөлшері қызметкердің жалақысынан 2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5% болады. Ал 2028 жылы бұл көрсеткіш 5%-ға жетуі жоспарланып отыр.
