Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

ҚР ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді. Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

bairakkz

Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттар белгілі болды

bairakkz

Қазақстанда тұмауға байланысты 132 мектеп онлайн оқытуға көшті

bairakkz