Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шымкентте полиция бастығы 6 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

Фото: gov.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында пара алу дерегі бойынша аудандық полиция басқармасының бастығына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, Шымкент қаласы полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған Т. өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша айыпталушы А.-ның жауапкершілігін жеңілдетіп беру үшін қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 6 миллион теңге көлемінде пара алған.

Сотта сотталушының кінәсі куәлардың жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және іс бойынша жиналған өзге де айғақтармен толық дәлелденді.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Т.-ны мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзін ақтауды талап етті.

Сот істі қарау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтамады. Ал өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағаны жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде ескерілді.

Нәтижесінде сот Т.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ҚК-нің 49-бабына сәйкес, ол арнайы шенінен айырылды.

Сәйкес жаңалықтар

«Екі жылқы жейміз». Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, сынға қалды

bairakkz

Өзенмұнайгаздың қаржысын жымқырған компания басшысы ұсталды

bairakkz

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тағы 65 пәтер берілді

bairakkz