Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Қытаймен шекарадағы «Қорғас» кедені екі аптаға жабылады

Фото: Қорғас ШЫХО

Қытаймен шекарадағы «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы 2026 жылғы 16 ақпан мен 1 наурыз аралығында уақытша жұмысын тоқтатады.

Бұған Қытай Халық Республикасында Қытай Жаңа жылының тойлануы және осыған байланысты орталықтың қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуы себеп болып отыр.

«Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2026 жылғы 2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады», – деп хабарлады «Қорғас» ШЫХО әкімшілігі.

Сонымен қатар, 16–18 ақпан аралығында Қытайдағы көктем мерекесіне байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері де жабылады. Бұл күндері адамдардың, көліктердің және жүктердің шекарадан өтуі уақытша тоқтатылады.

Алайда, теміржол арқылы жүк тасымалы қалыпты режимде жалғаса береді.

Сәйкес жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында 7 тонна қоқыс жиналды

bairakkz

Астанада тәртіп бұзуды тоқтатпаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

bairakkz

БАҚЫТ ДЕГЕН – ӨМІР СҮРУ БІЛГЕНГЕ

bairakkz