Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

90 мың адам алаяқтардан құтқарылды: Тоқаев азаматтардың деректерін қорғауды басты назарға алды

скриншот

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы цифрлық трансформация кезеңінде жеке адамның мүддесі басты назарда болуы керегін айтты.

Дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану – бұл біздің елде де, шетелде де қалыпты жағдайға айналды. Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен күресіп жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды, – деді Тоқаев.

Президент Үкіметке тиісті мекемелермен бірлесіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде қарауды тапсырды.

Сонымен қатар, ол жақында Ұлттық құрылтайда айтқандай, цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

bairakkz

ҚАРҒА АДЫМ ЖЕРДЕ БАҚЫТЫМ

bairakkz

Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың қоңырауынан соң пәтерін сатып, 12 млн теңгеден астам ақшасын аударған

bairakkz