Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Болат Назарбаевтың ұлы 63,7 млрд теңге қарызбен банкрот болуға тағы өтініш берді

ulysmedia.kz

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін сот арқылы банкрот деп тану туралы үшінші рет арыз түсірді. Іс материалдарына сәйкес, оның мемлекет алдындағы берешегі кемінде 63,7 млрд теңгені құрайды.

Сот 17 ақпанда істі өндіріске қабылдап, алдын ала тыңдауды 2026 жылғы 3 наурызға белгіледі. Қарыздың 55 млрд теңгесі арнайы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс, сондай-ақ 1,6 млрд теңге мемлекеттік баж бар.

Егер банкрот деп танылса, оның мүлкі сатылып, түскен қаржы кредиторларға бөлінеді. Сонымен қатар 5 жыл несие алуға тыйым салынып, 3 жыл қаржылық бақылау жүргізіледі.

Бұған дейінгі екі өтініші қанағаттандырылмаған.

Нұрбол Назарбаев 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, Алматы облыстық ІІД басшысының орынбасары болған. Кейін кәсіпкерлікпен айналысып, 2024 жылы Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері рейтингінде 49-орынды, ал 2025 жылдың мамырында 57-орынды иеленген. 2025 жылғы бағалау бойынша оның байлығы шамамен 179 млн долларды құраған.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуда Дала аруы атанған әжей дауыс берді

bairakkz

САҒАТ 16.10-ДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫҢ УЧАСКЕЛЕРГЕ КЕЛУІ ТУРАЛЫ

bairakkz

Айдар Шәрібаев: «Кәсіпқой бокс саясатқа айналып кетті

Ришат