Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

ҰҚК «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысын ұстады

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржы министрлігіне қарасты Проблемалық кредиттер қоры АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұрынғы басшы кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты қорға аударудың орнына, оның жекеменшік тұлғаның иелігінде қалуына жол берген. Соның салдарынан мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келген.

ҰҚК мәліметінше, күдікті мемлекеттік мүлікті нарықтық бағасынан әлдеқайда төмен сатқан. Нәтижесінде бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған. Сонымен қатар борышкер компанияның иесі мен оның сыбайластары да ұсталды. Олар жалған құжаттар жасап, кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге шығын келтірген.

Сот санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды. Оларға алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану баптары бойынша айып тағылды.

Қазіргі таңда күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. ҰҚК мен прокуратура өкілдері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Охотник и коневод из Жетысу прибыл на участок со своими питомцами

bairakkz

Абылайхан Жұбаназар Ташкентте жүлде алды

bairakkz

Конституция мәтінінің 84 пайызы түзетілді

bairakkz