Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімнің жауапкершілігі тек сабақ үстінде, мектеп қабырғасындағы оқушыларға ғана қатысты екенін атап өтті.
Демалыс уақытында немесе түнгі мезгілде балалардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін ата-аналар жауап береді.
Сондай-ақ Аймағамбетов мұғалімдерді өз қызметіне жатпайтын міндеттерге тартқандарға айыппұл салу қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта мұндай жағдайларда тек ескерту жасалады, ал депутат аз мөлшерде болса да айыппұл енгізуді ұсынады.
Басты мәселе – педагогтардың жұмыс шегі мен жауапкершілігі. Сабақ кезінде ғана жауап беру керек, демалыс немесе түнде – ата-ана міндеті, – деді Асхат Аймағамбетов.
