Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Щучьедегі дәмханадағы жарылыс: қылмыстық іс қозғалды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучье қаласындағы дәмханада болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс басталды.

Соңғы мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапқан, ал 28 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің 13-і ауруханаға жатқызылып, 8-і медициналық көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберілген. Барлық жараланғандарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, олардың жағдайы дәрігерлер бақылауында.

Өрт сөндірушілер дәмханадан қосымша 10 адамды құтқарып, сондай-ақ 5 газ баллоны мен 2 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады ТЖМ.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті жанынан қауырт желі жұмыс істейді: 8 (7162) 51-42-98.

Естеріңізге салайық, жарылыс бес қабатты тұрғын үйдің іргесіндегі бір қабатты дәмханада болды.

Сәйкес жаңалықтар

АҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІ!

bairakkz

Алматыда қауіпсіздік күшейтіледі

bairakkz

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін басты өзгерістер

bairakkz