Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілері қысқы дөңгелектерді қолдануға міндетті. Дөңгелегін уақытылы ауыстырмағандарға айыппұл қарастырылған.

Бұл талап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 590-бабында жазылған. Бұл талаптарды бұзған жағдайда мынадай айыппұлдар қарастырылған:

Алғаш рет бұзған кезде – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

Бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда – айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі.

Айта кетейік, мұндай заң талабы былтыр күшіне енген болатын. Заңнамадағы түзетуге сәйкес, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері өз көліктерінде қысқы шиналарды қолдануға міндетті.

Сәйкес жаңалықтар

«Асыл домбыра» иегерлері анықталды

bairakkz

Футболшы Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді

bairakkz

Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

bairakkz