Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Иранның рухани көсемі Хаменей өлтірілді деген ақпарат тарады

Фото: The Washington Times

Reuters агенттігі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің денесі оның қираған резиденциясынан табылғанын растады. 

Израиль басылымы Әли Хаменей өлтірілгенін мәлімдеді.

The New York Times мәлімдеуінше, Әли Хаменейдің негізгі резиденциясы және жоғары деңгейдегі үкіметтік кездесулер өтетін орын ретінде қызмет ететін қауіпсіз кешен толық қирады.

Қаза болғандар арасында Иран қорғаныс министрі Әмір Насирзаде және ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпур болуы мүмкін.

Алайда Иранның өзі ақпаратты әзірге растамады. Десе де Хаменей әзірге жұрт алдына шыққан жоқ.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген түсініктемесінде “бірнеше ирандық қолбасшы қаза болды, бірақ жоғары лауазымды басшылар тірі” деді.

Сондай-ақ Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад тұратын аймаққа соққы жасалғаны атап өтілген.

Одан бөлек Ирандағы қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза болғандар саны 58-ге жетті.

Әли Хаменейдің өлі табылғанын агенттіктің жеке дереккөздері мәлімдеген. Бұған дейін Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін Әли Хаменейдің көз жұмғаны туралы белгілері барын айтқан.

«Бұл тиранның енді жоқ екеніне көптеген белгілер бар. Бүгін таңертең біз аятолла режимінің жоғары лауазымды өкілдерін, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларын, ядролық бағдарламаның негізгі тұлғаларын жойдық және мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы күндері террористік режимнің тағы мыңдаған нысандарына соққы жасаймыз», – деді Нетаньяху.

Сәйкес жаңалықтар

26-қарашада кімдер жекпе-жекке шығады

Ришат

«О бастан үйретіп тастаймын». Гүлзира Айдарбекова келіндерін қалай тәрбиелейтінін айтты

bairakkz

UFC жұлдыздарына құрмет: Бекзат Алмаханға – үй, Азат Мақсұмға – мотоцикл сыйға берілді

bairakkz