Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жазда Парламент сайлауы өтеді

Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурыздың Конституция күні болып белгіленетінін және жазда Парламент сайлауы өтетінін айтты.

Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.

Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын, – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.

Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сәйкес жаңалықтар

Ақжаулықты әжелер таңдауларын жасады

bairakkz

МЕССИ МҮЛТ КЕТТІ

bairakkz

Ақтауда «EDU FEST MANGYSTAU – 2025» оқу орындар жәрмәңкесі өтті

bairakkz