Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Жазира Байырбекова ұлы Қазыбектің үйлену тойына дайындықты бастап кетті

Скрин видео

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы Қазыбектің үйлену тойына қызу дайындық жүріп жатқанын айтты.

Өнер иесінің сөзінше, қуанышты күнге небәрі 15 күн қалған. Әнші дәл қазіргі сәтте той алдындағы ең жауапты шаруалардың бірі – қонақтарды орналастыру мәселесі екенін жасырмады.

«Үйлену тойына 15-ақ күн қалыпты. 15 күн қалғанда біз дайындыққа кірісіп жатырмыз. Ең қиыны – кіммен кімді отырғызамын деген сұрақ екен. Тізімді жазып қойдым. Дұрыс отырғыздым ба, мүмкін басқа жаққа отырғызармын деген сияқты. Кім қалып кетті? Кімді шақырмадық? деп жүрмін. Егер тойға шақырылмай қалып кеткендеріңіз болса, үйге келіннің қолынан шай ішіп кетуге шақырамыз. Ең бастысы, ешкімді ренжітпей, тойымызды жақсылап өткізсек деген арманым бар», – деді әнші.

Желі қолданушылары Жазира Байырбековаға ақ тілектерін жаудырып, тойдың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Алла қаласа, жақсы өтеді. Бірінші той болған соң уайымдайсыңдар ғой. Біз тілекші адамдармыз», – деп жазса, енді бірі: «Той берген оңай емес. Той біткен соң басталады жыр. Біткен іске сыншы көп», – деген ойын білдірген.

Сондай-ақ оқырмандардың арасында «Тойды өзіңнің қалағаныңдай етіп өткізуіңе тілектеспін, келінің адалынан болсын, балаларың бақытты болсын!» деп жылы лебізін білдіргендер де болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 және Шоу бизнес жаңалықтары (@news.qaz)

Сәйкес жаңалықтар

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

bairakkz

Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

bairakkz

Нұрай ісі: сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді

bairakkz