Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

«Наурыз бойдақ болды»: Сотта Сәрсемәлиевтің жан түршігерлік жауабы жарияланды

ІІМ

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев тергеу кезінде берген жауабында бұрынғы қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевпен арадағы жанжалдың неден басталғанын баяндады.

Сотта көрсетілген бейнежазбада оның айтуынша, әңгіме Наурыздың жеке өміріне қатысты өрбіген.

«Наурыз бойдақ. Оның үстіне психикасы қалыпты емес. Ашушаң. Сосын ғой үйленбей жүргені. Енді дұрыс адам болса жасы 30-дан асты, үйленуі керек қой», – деді Сұлтан Сәрсемәлиев.

Айыпталушының сөзінше, оқиғадан кейін біраз уақыт аулада отырып қалған. Кейін үйге қайта кірген кезде Наурыздың еденде жатқанын көргенін айтқан.

Сондай-ақ ол сол сәтте Наурыздың аман қалуы мүмкін деп ойлағанын және полиция шақыруды да қарастырғанын жеткізді. Алайда отбасы мен бес баласын ойлап, не істерін білмей қалғанын мәлімдеді.

Сот отырысында Мейрамгүлдің өліміне қатысты да жауап берілді. Сәрсемәлиевтің айтуынша, Мейрамгүл ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Жангелдин ауылынан Ақбаянға көмектесу үшін келген. Кейін араларында жанжал туындап, ашуға бой алдырғанын айтқан.

«Ол кезде ешқандай өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен», – деді айыпталушы сот барысында.

Қазіргі уақытта Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қырғызстанда Диснейленд салынады

bairakkz

Қазақстанның жас боксшылары Будвада 27 медаль жеңіп алды

bairakkz

Шерзат ісі. Куәгер әйел жауап берді

bairakkz