Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Ердоған Тоқаевты сәуірде форумға шақырды

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екі ел басшылары бір-бірін Ораза айт және Наурыз мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтады. Түркия Президенті бұл өзгерістерді Мемлекет басшысының парасатты әрі батыл саясатының нәтижесі деп бағалап, жаңа Конституция елдің дамуына және халықаралық беделінің артуына серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға түрік байқаушыларының белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, мұны екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге ерекше мән берді. Атап айтқанда, Режеп Тайип Ердоған 14 мамырда Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына, сондай-ақ Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына және Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келіссөздер екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркістанда өтетін түркітілдес елдер басшыларының саммитінен үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Әңгіме соңында Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президентін сәуір айында Анталияда өтетін Дипломатиялық форумға қатысуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

bairakkz

Қанға – қан, жанға – жан!

bairakkz

Бурабайда мектеп директоры асханадағы заң бұзушылықтардан кейін қызметінен босатылды

bairakkz