Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

«Резонанс үшін қамалдым»: Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады

Фото: Бейнеден кадр

Актер Асқар Жұмабек қамаудан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде видео жариялап, өзіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Оның айтуынша, оқиға екінші тарап тарапынан бұрмаланған.

Актер Айнұр Нарзиева тарапынан өзіне тағылған күш қолданды деген айыптарды жоққа шығарды. Ол тек сөзге келіспеушілік болғанын айтып, физикалық күш көрсетілмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жұмабек сот барысында өзіне 10 тәулік әкімшілік жаза тағайындалғанын және бұл шешімнің «резонансқа» байланысты қабылданғанын жеткізді. Оның сөзінше, судья істің айыппұлмен де шектелуі мүмкін екенін айтқан.

Актер қарсы тарапты «хайп қууды көздеді» деп бағалап, халық алдында кешірім сұрамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол оқырмандарына қарсы тарапқа қатысты арыз түсіру-түсірмеу жөнінде пікір білдіруді ұсынды.

Еске салайық, 20 наурызда әлеуметтік желіде Айнұр Нарзиева актер тарапынан қысым көргенін хабарлаған. Осыдан кейін Алматы қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Асқар Жұмабекті 10 тәулікке қамауға алған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Си Цзиньпиннің ел басқару туралы кітабы қазақ тілінде жарық көрді

bairakkz

«Хутор» тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

bairakkz

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға тергеушілер келді

bairakkz