Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«Хутор» тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Талғар аудандық соты атышулы Хасан Қасымбаевқа қатысты үкім шығарды. Ол адам ұрлау, пара талап ету және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемесінде өтейді.

Істе Қасымбаевтан бөлек тағы бес айыпталушы болған. Олар да ұқсас айыптармен 8 жылдан 22 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Сот отырысы барысында күтпеген жағдайлар да орын алды. Тілшілердің хабарлауынша, Хасан Қасымбаев сот залында отырған кабинаны сындырып, журналистердің залдан шығуын талап еткен. Қарсылық туындағаннан кейін сот өкілдері журналистердің қауіпсіздігі үшін оларды залдан шығарғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, “Хутор” қылмыстық тобының жетекшісі ретінде аталған Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында, талғарлық жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен бір ай өткен соң ұсталған болатын.

Тергеу материалдары бойынша, Қасымбаевтың аты өңірде бірнеше рет тіркелген зорлық-зомбылық оқиғаларымен де байланыстырылған.

Сәйкес жаңалықтар

НА МЕСТО В МАЖИЛИС ОТ ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ПРЕТЕНДУЮТ 13 КАНДИДАТОВ

bairakkz

Офицердің қызы әкесінің арқасында гинекологты аямай ұрып тастады

bairakkz

«ПСЖ» МЕН «РОМА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

bairakkz