Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды

Фото: Instagram/impresario.tv

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші баланың әкесі атанды.

Қуанышты жаңалықты оның продюсері Жан Мұқанов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 7 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында өнер иесінің отбасында қыз бала дүниеге келген. Бұл – отбасының жетінші перзенті әрі жетінші қыз.

Продюсер сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, қуанышты жаңалықпен барша жұртты құттықтады. Сонымен қатар ол көпшіліктен жаңа туған нәрестеге лайық есім ұсынуды сұрады. Қазіргі уақытта сәбиге есім әлі қойылмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын Мырзақымова отбасында тағы бір сәби дүниеге келетінін хабарлаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова жылы қабақпен күтіп алатын келіні туралы айтты

bairakkz

Футболшы Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді

bairakkz

Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен ынтымақтастық орнатуға келісті

bairakkz