Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Университет түлектерінің үштен бірі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

parlam.kz

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында жоғары білімді кадрларды даярлау мәселесі талқыланды. Жиында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева еңбек нарығындағы бірқатар өзекті түйткілді атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының нақты сұранысына толық сәйкес келмей отыр.

Еңбек нарығындағы сұраныс мемлекеттік білім беру тапсырысына қарағанда әлдеқайда жылдам өзгеріп жатыр. Соның салдарынан кей мамандықтар бойынша артық кадр даярланып, ал кей бағыттарда тапшылық туындауда. Нәтижесінде жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығындағы өзгерістерге ілесе алмай отыр, ал түлектердің құзыреттері жұмыс берушілер талаптарына сәйкес келмей жатады, – деді ол.

Еспаева білім беру мазмұнын жаңарту жеткіліксіз екенін, оқытушылардың да әдістемесін өзгерту қажет екенін атап өтті.

Оқу бағдарламаларын жаңарту жеткіліксіз, оқытушылардың заманауи технологиялар мен әдістерді меңгеруі маңызды. Бұл – жоғары білімді жаңғыртудың негізгі шарты. Әсіресе профессорлық-оқытушылық құрамды жасанды интеллектті тиімді қолдануға үйрету басты міндеттердің бірі болуы тиіс, – деді Дания Еспаева.

Айта кетейік, болжамдарға сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда 562 кәсіп түрі, яғни еңбек нарығының шамамен 44%-ы (шамамен 4 млн жұмыс орны) жасанды интеллект әсерінен трансформациялануы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Burger King Kazakhstan аумақтық менеджерлері Сергей мен Анастасия жұмыстан босатылды

bairakkz

Нұрай ісі: сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді

bairakkz

Қазақстан спортты қаржыландыру жолын оңтайландырмақ

Ришат