Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаева өзін сынаған әріптесе жауап берді

скриншот

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында әріптесі Әнел Әрінованың өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді.

Бұған дейін KeshYou тобында 2006-2012 жылдары өнер көрсеткен Әнел Әрінова Кәмшат Жолдыбаевамен алғаш танысқан сәтін еске алып, оны бастапқыда «ауылдағы мұғалім әйелге» ұқсатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Кәмшатқа бірден жылы көзқарас танытпағанын да жасырмаған еді.

Кәмшат маған ауылдағы мұғалім әйел сияқты көрінді. Тіпті Моляның өзі одан заманауи көрінетін, — деген болатын Әнел Әрінова.

Әншінің бұл сөзіне Кәмшат Жолдыбаева сабырлы жауап беріп, еш реніш жоқ екенін жеткізді.

Әрине, бәрін жақсы қабылдадым. Әркімнің өз пікірі бар. Ешкім ешкімге ұнауға міндетті емес. Мен Әнелді бұрын қалай құрметтесем, қазір де солай құрметтеймін. Оның айтқан сөздеріне реніш жоқ, керісінше, пікірі шынайы болды. Ол бұл сұхбаттың «гүлі» болды деп ойлаймын, — деді әнші.

Кәмшаттың айтуынша, Әнелдің пікірі бағдарламаға ерекше реңк беріп, сұхбаттың қызықты өтуіне әсер еткен.

Айта кетейік, бұған дейін Әнел Әрінова KeshYou тобына Кәмшат Жолдыбаеваның қосылған алғашқы кезеңі оңай болмағанын да атап өткен еді.

Сәйкес жаңалықтар

Сахнадан саясатқа: Әнші Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қосылды

bairakkz

Астанада бір пәтерді бірнеше рет сатқан құрылыс компаниясын қылмыстық іс қозғады

bairakkz

ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ НЕГЕ ЧЕМПИОН БОЛЫП ЖҮР ?

bairakkz