Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСпорт

Танымал боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын айтты

Фото: instagram.com/zhankoshturarov/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызының фотосуреттерін жариялады.

Боксшының айтуынша, сәби дүниеге келген сәтте ол жанында болып, кейін бірден АҚШ-қа аттанған. Біраз уақыттан соң ғана қызын қайта көруге мүмкіндік туған.

Нәрестенің иісін жұмақтың жұпар иісіне теңейді ғой – расында солай екен. Иісіне тоймайсың. Алла қаласа, қырқынан шығатын күн де алыс емес. Қыздарым – менің ең үлкен бақытым, – деп жазды ол.

Жанқош Тұраров өз жазбасында перзент сүюді армандап жүрген отбасыларға ізгі тілегін де жеткізді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров – бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін тәжірибелі кәсіпқой боксшы. Ол кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов QJ League жобасының басшылығымен балалар футболын дамыту мәселесін талқылады

bairakkz

Таразда жас қыз өгей әкесінің зорлауынан жүкті болып, босанды

bairakkz

АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

bairakkz