Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Нұрай Серікбай ісі: күдікті есі дұрыс деп танылды, тергеу аяқталуға жақын

Нұрай Серікбайдың ағасы жариялаған мұрағаттағы сурет

Шымкентте студент Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, іс аясында негізгі тергеу әрекеттері толық жүргізілген. Күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы шыққан. Сараптама нәтижесіне сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылған және заң алдында толық жауап береді.

Бұған дейін күдікті мәжбүрлі емдеу үшін арнайы медициналық мекемеге жіберілгені хабарланған болатын. Қазіргі таңда ол Шымкент қаласынан тыс жерде орналасқан күзеті бар мамандандырылған орталықта ем қабылдап жатыр. Емдеу аяқталған соң ол қайтадан тергеу изоляторына жеткізіледі.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда болған. Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайды көшеде танысы пышақтап кеткен. Ауыр жарақат алған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Күдікті екі күннен кейін ұсталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктіге бірнеше бап бойынша айып тағылған:
– «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;
– «Сталкинг»;
– «Аса қатыгездікпен адам өлтіру».

Қазіргі уақытта іс сотқа жолдануға дайындалып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Түркиядан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті экстрадицияланды

bairakkz

Алаяқтардан қалай қорғанамыз? Елордалық полицейлер түсіндірді

bairakkz

АРМАН АШИМОВ ПЕН КРИСТИАН ГОРСИЯ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

bairakkz