Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Дрондар жол сапасын бақылауға кірісті

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жолдардың сапасын бақылау үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Көлік министрлігінің мәліметінше, лазерлік лидармен жабдықталған арнайы дрон Ақмола – Воздвиженка – Талапкер бағытындағы облыстық маңызы бар тасжол учаскесінде сынақтан өтті.

Жаңа құрылғының басты мақсаты – жол жамылғысындағы шұңқырлар, жарықтар және басқа да ақауларды жедел анықтау. Дрон дәстүрлі қолмен тексерумен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейді және қысқа уақыт ішінде үлкен аумақты қамти алады.

Жүйенің тағы бір артықшылығы – толық автоматтандырылған басқару. Оператор тек тексерілетін жол бөлігін белгілейді, ал дрон өздігінен маршрут құрып, қажетті деректерді жинайды. Сонымен қатар, ол бейнетүсірілім жүргізіп қана қоймай, қажет болған жағдайда тепловизор және интеллектуалды талдау функцияларын да пайдалана алады.

Министрлік мұндай технологияларды енгізу жолдағы ақауларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізіп, күрделі мәселелердің алдын алуға көмектеседі.

Қазіргі таңда дрондарды толыққанды инспекция және жолдарды автоматты түрде бағалау жүйесінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Үндістанда дәрігерлерге рецептіні анық жазу міндеттелді

bairakkz

«Қаскелеңде сыныптасына түлек шампур тығып өлтірді». Директор қызметінен кетіп, күдікті қамалды

bairakkz

ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті

bairakkz