Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстан азық-түлік бағасы ең жылдам өсетін бес елдің қатарына кірді

Фото: Envato

Қазақстан әлемде азық-түлік бағасының өсу қарқыны ең жоғары елдердің бестігіне кірді. Бұл туралы БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) деректеріне сілтеме жасап Bairak.kz хабарлады.

ФАО жасаған рейтинг 2026 жылға арналған азық-түлік инфляциясының болжамды көрсеткіштері негізінде құрастырылған. Есеп бойынша, ең жоғары көрсеткіш Иранда болады деп күтілуде – жылдық есепте 49,1%.

Екінші орында Аргентина (34,9%), ал үшінші орында Түркия (31,4%). Төртінші орынға 13,7% көрсеткішпен Ангола шыққан.

Қазақстан 12,2% болжамды көрсеткішпен бесінші орынға орналасты. Қазақстаннан кейінгі орындарда Моңғолия (11,9%), Грузия (11,6%) және Эфиопия (11,2%) тұр. Сарапшылардың болжамынша, тізімдегі басқа елдерде азық-түлік бағасының жылдық өсімі 10%-дан төмен болады.

Кейбір елдер бойынша болжамды инфляция деңгейі төменірек. Мәселен, Украинада азық-түлік инфляциясы 9,2%, Қырғызстан мен Беларусьте – 8,6%, Арменияда – 7,6% болады деп күтілуде. Ресейде бұл көрсеткіш 5,8%, ал Өзбекстанда 5,7% деңгейінде болжанып отыр. АҚШ-та 3,3%, Канадада 7,5% шамасында болады деген болжам бар.

Ал бірқатар мемлекеттерде, керісінше, азық-түлік бағасы төмендеуі мүмкін. Мысалы, Қытайда баға 0,1%-ға, Иракта 1,6%-ға, Сербияда 1%-ға, Венгрияда 2,6%-ға, Швейцарияда 0,1%-ға және Бельгияда 0,7%-ға төмендейді деп болжанып отыр.

ФАО сарапшылары азық-түлік инфляциясына әсер ететін негізгі факторлар ретінде ұлттық валюталардың бағамының ауытқуын, шикізат бағасының өзгеруін, сауда мен логистикадағы үзілістерді және ішкі нарықтағы ұсынысты атап өткен.

Қазақстанда 2026 жылдың ақпан айында азық-түлік инфляциясы жылдық есепте 12,7% болды. Бұл қаңтар айындағы 12,9% көрсеткіштен сәл төмен.

Сәйкес жаңалықтар

Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты

bairakkz

Сайлау күні Жетісу облысында 23 сәби дүниеге келді

bairakkz

Қазақ күресі Конфедерация кубогына қосылды(видео)

Ришат