Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасындағы дзюдошы қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды

Қазақстан құрамасындағы 24 жастағы дзюдошы Аэлита Щербакова апластикалық анемиядан көз жұмды. Дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, 2019 жылы 3 сәуірде Щербаковаға «идиопатиялық аплазиялық анемия» диагнозы қойылып, дзюдошы бірден ем алуға кіріскен. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Енді спортшының жерлеу рәсімі 13 сәуірде өтеді. Аплазиялық анемия деп сырқат адамның сүйек миы қан жасушаларының негізгі түрлері — эритроцит, лейкоцит және тромбоцитті қажетті мөлшерде тарата алмайтын ауруды айтады.

Айта кетейік, Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2017 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанған, ал былтыр Ақтауда Азия кубогының күміс жүлдесін иеленді.

                                                                                                                                                                                                                                               Тengrinews.kz

Сәйкес жаңалықтар

БАЯҒЫ ЖАРТАС, СОЛ ЖАРТАС

bairakkz

Жетісу облысының сайлаудағы бейнесі

bairakkz

«ҚАЗАҚ КҮРЕСІ»: ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

bairakkz

Пікір жазу