Қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнам аумағында қамауда отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми түрде хабарлады.
Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта блогерді елге экстрадициялау мәселесі тиісті құзырлы органдардың қарауында.
Оны экстрадициялау мәселесі қазіргі таңда тиісті органдар тарапынан қаралып жатыр, – деді СІМ өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде блогердің ұсталғаны туралы ақпарат жоққа шығарылып, тек құжаттарының уақытша алынғаны жөнінде мәлімдеме жасалған еді. Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл деректі растамай, Қайсар Қамзаның шынымен де Вьетнамда қамауда екенін нақтылады.
