Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады

коллаж: todayinfo.kz

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы Жанна Жанықұлова әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, олардың ажырасуы мен қазіргі сот процесіне қатысты өз ұстанымын айтты.

Жанна Жанықұлованың сөзінше, ол кәсіпкермен заңды некеде 20 жыл өмір сүріп, бес бала тәрбиелеген. Оның айтуынша, отбасының ыдырауына жолдасының опасыздығы себеп болған.

Мен Жанықұлова Жанна Маратқызы, бес баланың анасымын. Балаларымның барлығы Жұмабек Жанықұлмен заңды некеде тұрған кезде дүниеге келді. Біз 20 жыл бірге өмір сүрдік. Алайда ажырасуымызға оның бірнеше рет көзге шөп салуы мен басқа әйелдерінің болуы себеп болды. Қазір осы мәселеге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Некеде тұрған жылдары неке келісімшарты да, мүлікті бөлу туралы әңгіме де болған емес. Бұл мәселелердің барлығы оның өмірінде Динара Сәтжан пайда болғаннан кейін ғана көтерілді, – деді ол бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ Жанна Жанықұлова қазіргі уақытта қаралып жатқан мүлікті бөлу жөніндегі сот ісінің әділ өтетініне күмән келтіретінін айтып, құқық қорғау органдары мен қоғамнан қолдау сұрады.

Қазіргі таңда аталған мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Жастардың 85%-ы елдің болашағына сенімді

bairakkz

Болат Назарбаевтың ұлы 63,7 млрд теңге қарызбен банкрот болуға тағы өтініш берді

bairakkz

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады.

bairakkz