Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жағымсыз жағдайға тап болды. Өнер иесінің Алматыдағы жаңа үйін су басып, жөндеу жұмыстары мен жиһаздарына зақым келген.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, оқиға кезінде өзі Тараз қаласында болған. Жағдайды ести салысымен Алматыға шұғыл оралуға мәжбүр болған.
Үйімді су басты. Еденнің бәрі ісініп, көтеріліп кетті. Жиһаздардың барлығын сыртқа шығарып қойдық. Енді жөндеу жұмыстарын қайтадан бастауға тура келеді. «Сабыр түбі – сары алтын» деп өзімді жұбатып отырмын. Маған сабыр тілеп қойыңыздар. Үйді екі жыл бұрын ғана салып едік. Қайырлы болсын, – деді әнші.
Мөлдір Әуелбекова болған жағдайға қарамастан сабыр сақтап отырғанын айтып, алдағы уақытта үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісетінін жеткізді.
