Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Ұлыбританияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Фото: pexels

Ұлыбритания үкіметі 2027 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа заң жобасы TikTok, Instagram және YouTube сияқты әлеуметтік платформаларды қамтиды. Ал WhatsApp секілді хат алмасуға арналған мессенджерлер бұл шектеуге кірмейді.

Билік басқа елдердің тәжірибесіне қарағанда қатаңырақ талаптарды енгізуді көздеп отыр. Атап айтқанда, жасөспірімдерге тікелей эфир жүргізуге және бейтаныс адамдардың олармен байланыс орнатуына тыйым салынбақ. Сондай-ақ онлайн ойын платформаларының жұмысы да қайта қаралады.

Ұлыбританиядағы балалар арасында кең таралған Roblox платформасына толық тыйым салынбайды. Алайда оның кейбір мүмкіндіктері, соның ішінде чат қызметі шектелуі ықтимал. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Заң жобасын әзірлеу барысында үкімет мұғалімдермен, ата-аналармен және балалардың өздерімен кеңес өткізген. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің шамамен 90 пайызы мұндай бастаманы қолдаған.

Дегенмен мамандар бұл мәселені тек тыйым салу арқылы шешу мүмкін емес екенін айтады. Мәселен, Австралияда осындай шектеулер енгізілгеннен кейін көптеген жасөспірім VPN қызметін пайдаланып, тыйымды айналып өте бастаған.

Шығыс Лондон университетінің профессоры Джулия Дэвидсонның пікірінше, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысының сайлаудағы бейнесі

bairakkz

Ең арзан жұмыртқа қай өңірде сатылады?

bairakkz

Бір отбасының 12 мүшесі дауыс берді.

bairakkz