Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

«Сізден басқаның бәрі кінәлі»: Бектенов Алматы облысы әкімін сынға алды

Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысы қаралды. Жиында кейбір өңірлердегі жұмыстардың жоспардан кешігіп жатқаны айтылып, Алматы облысындағы жобалардың орындалу қарқыны ерекше сынға ұшырады.

Ресми мәліметке сәйкес, облыста 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобаларының орындалу деңгейі әзірге 50 пайызды ғана құрайды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қалған жұмыстардың қараша айының соңына дейін толық аяқталатынын мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, өңірде жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 10 жоба жоспарланған. Оның ішінде екі жоба бойынша конкурс прокуратураның ұсынысымен қайта өткізілуде. Сондай-ақ Қаржы министрлігі бұл жобаларды қаржыландыруы тоқтатылуы мүмкін басым емес жобалар тізіміне енгізген.

Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов бұл түсіндірмелерге қанағаттанбай, жауапкершілік мәселесін көтерді.

«Сізді тыңдасақ, сізден басқаның бәрі кінәлі», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы жөндеу жұмыстарына қатысты өтінімдердің жеткіліксіз болуына байланысты «қызыл» аймаққа енгізілген болатын. Үкімет өңірдегі жобалардың уақытылы аяқталуын және әкімдік тарапынан жауапкершіліктің күшейтілуін талап етті.

Сәйкес жаңалықтар

UFC жұлдыздарына құрмет: Бекзат Алмаханға – үй, Азат Мақсұмға – мотоцикл сыйға берілді

bairakkz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало брифинг өткізді

bairakkz

БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

bairakkz