Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Дрон шабуылдарынан кейін Wildberries Қазақстаннан пана іздей бастады

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Украинаның Ресейдегі логистикалық инфрақұрылымға жасаған дрон шабуылдарынан кейін Ресейдің Wildberries маркетплейсі Қазақстаннан қосымша қойма алаңдарын іздеуге кірісті. Компания шамамен 100 мың шаршы метр қойма жалдауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы «Коммерсант» басылымы жылжымайтын мүлік нарығындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Wildberries-ті дамытатын RWB тобы Қазақстандағы бос қойма орындарын зерттеп жатыр және қолжетімді нысандардың басым бөлігін жалдауға дайын. Дереккөздердің айтуынша, мұндай шешім компанияның логистикалық қуатының бір бөлігін дрон шабуылдары қаупінен қорғауға бағытталған.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда қазіргі уақытта шамамен 130 мың шаршы метр сапалы қойма алаңы бос болғанымен, олар елдің әртүрлі қалаларында орналасқан. Сондықтан көлемі 100 мың шаршы метр болатын біртұтас қойма кешенін табу қиынға соғуы мүмкін.

Wildberries бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Компания тек логистикалық инфрақұрылымды дамыту жоспары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Алматыда ауданы 100 мың шаршы метрден асатын қойма кешені салынып жатыр. Ал Астанада 160 мың шаршы метрлік логистикалық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Ол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Нарықтағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы сапалы қоймаларды жалдау құны орта есеппен айына бір шаршы метр үшін 5,18 мың теңгені құрайды. Бұл Мәскеу нарығындағы бағамен шамалас.

Мамандардың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай кедендік кеңістігі Ресей мен Қазақстан арасындағы қоймаларға тауарларды кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан ресейлік сатушылардың өнімдерін Қазақстандағы қоймаларда, ал қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын Ресейдегі логистикалық орталықтарда сақтауға болады.

Соңғы апталарда Украина Ресей аумағындағы бірқатар логистикалық нысандарға, соның ішінде Wildberries компаниясының қоймаларына дрондармен шабуыл жасады. Осыдан кейін кейбір қойма иелері қауіпсіздік тәуекелдерінің артуына байланысты Wildberries-пен жаңа жалдау келісімдерін жасауға сақтықпен қарай бастаған. Сонымен қатар, стандартты сақтандыру полистері дрон шабуылдарынан келген шығынды толық өтемейтіні айтылып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Дастан Сәтпаев рекорд жаңартты

bairakkz

Ашхабад-2017: Әсем Садықова — Азия ойындарының жеңімпазы

Ришат

«СПОРТИНГ» «АТЛЕТИКОМЕН» ОЙНАЙДЫ

bairakkz