Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ресей Қазақстаннан бензин сұрады ма? Энергетика министрлігі жауап берді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстан 2026 жылдың басынан бері Ресейге АИ-92 маркалы бензин экспорттамаған. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, мұнай өнімдерін экспорттау мәселесі ең алдымен ішкі нарықтағы сұраныстың толық қамтамасыз етілуіне байланысты қарастырылады.

«Экспортқа шығарылатын өнім көлемін өткізу тиісті халықаралық уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда және елдің ішкі нарығындағы қажеттілік толық қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарынан Ресейге АИ-92 маркалы автомобиль бензині жөнелтілген жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Reuters агенттігі Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауыттары шілде-тамыз айларында Ресейге АИ-92 бензинін экспорттауға бөлінген квоталарды пайдаланбағанын хабарлаған.

Маусым айында агенттік Ресей ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын азайту мақсатында Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу мүмкіндігін қарастырғанын жазған еді. Ресейдегі бензин өндірісінің төмендеуіне бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысындағы үзілістер мен жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер еткен.

Қазақстанның Энергетика министрлігі сол кезде Ресей тарапынан ресми өтініш түспегенін мәлімдеді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те ресми сұраныс болмағанын айтқан. Дегенмен министрлік Қазақстанның ішкі нарығында жеткілікті қор болған жағдайда ықтимал жеткізілім мәселесі қарастырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Ресейдегі бірқатар мұнай өңдеу зауыттарына жасалған дрон шабуылдарынан кейін елдегі бензин өндірісі айтарлықтай төмендеді. Соның салдарынан кейбір өңірлерде жанармай сатуға шектеу енгізіліп, жүргізушілерге бір ретте 30-50 литрден артық бензин берілмеген жағдайлар тіркелді.

Жаз айларында Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірлерінің тұрғындары арзанырақ жанармай алу үшін Қазақстанға келе бастағаны да хабарланған.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан бензинді автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге шектеу қойылған. Тыйым көлік құралының зауытта қарастырылған штаттық багындағы жанармайға қолданылмайды.

Билік бұл шараны ішкі нарықты жанармаймен тұрақты қамтамасыз ету және мұнай өнімдерінің заңсыз әкетілуіне жол бермеу қажеттілігімен түсіндіреді.

Сәйкес жаңалықтар

Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

bairakkz

Road to Abu Dhabi: Астанада 2025 жылғы «Болашақ ойындарына» іріктеу басталды

bairakkz

#САЙЛАУ2023

bairakkz