Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында алдағы жылға арналған маңызды жоспарларды жариялап, ел аумағында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұсынды. 

Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді.

Президенттің айтуынша, осы бастама аясында еліміздің барлық өңірінде, облыс орталықтарында, аудандар мен елді мекендерде әлеуметтік және азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары қолға алынуы тиіс.

Атап айтқанда, жаңа жолдар, әуежайлар, теміржол вокзалдары мен денсаулық сақтау мекемелерін салуға басымдық берілмек. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, еліміздің барлық аймағында шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар салу қажеттігі айтылды. Тұрғын үй құрылысы да маңызды міндеттердің бірі болып қала бермек.

«Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан кезеңде елдің инфрақұрылымын дамыту мен құрылыс саласын жандандыру маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының ұсынысына сәйкес, алдағы кезеңде әлеуметтік нысандарды жаңарту, өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған құрылыс жобаларына басымдық беру көзделіп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Бақытты өмір сүрді — Сәкен Мамаштың ағасы Карина туралы айтты

bairakkz

ШҚО-да пара алған шенеунік сотталды

bairakkz

ЕЛБАСЫ: «БАҚЫТТЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ДЕНСАУЛЫҚТАН ТҰРАДЫ»

bairakkz