Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Абай облысында көлік ішінде екі адам тірідей жанып кете жаздады

Фото: Видеодан скриншот

Абай облысының Үржар ауданында ескі көліктен өрт шығып, ішіндегі екі адам тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды bairak.kz.

Аудандық Патрульдік полиция тобына қарасты қызмет инспекторлары Абылай хан даңғылы бойымен патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған, өртке оранған «Audi 100» маркалы автокөлігін байқап қалады.

Азаматтардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында полиция қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, жол қозғалысын уақытша тоқтатып, Өрт сөндіру қызметін шақырған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары жедел түрде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, айналадағы азаматтарды қауіпсіз аумаққа көшіріп, оқиғаның ауыр зардаптарға ұласуына жол бермеді.

Сонымен қатар, полиция инспекторлары өрт сөндіру құралын пайдалана отырып, көліктегі жалынды сөндіруге кіріскен. Олар өрттің отын багына жетуіне жол бермей, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт сөндіру қызметі шұғыл келіп, полициямен үйлесімді және тиімді әрекеттесуінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі ақаудан туындауы мүмкін, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Жұлдыздар мен блогерлер жаппай жарнамалаған «Апамның шайынан» қауіпті қоспалар анықталды

bairakkz

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

bairakkz

Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ұсталғанын мәлімдеді

bairakkz