Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ӘЧ-2018. ОН АЛТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖЕҢІС

Көптен күткен доп додасы басталды. Шымылдық түрген ойын көп есінде жатталып қалатындығы анық. Осыған дейінгі мундиальдің бірінші ойындарында ірі есеп тіркелмеген. «А» тобының алғашқы ойынында Ресей Сауд Арабиясын ірі есеппен жеңді. 

Соңғы рет Ресей құрамасы 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен әлем чемпионатында Тунис құрамасын 2:0 (Карпин мен Титов салды) есебімен жеңген. Одан кейін міне, араға он алты жыл салып төрт жылдықтың басты додасында қарсыластарынан басым түсіп отыр.

«А» тобы. (Бірінші ойын).

Ресей — Сауд-Арабия — 5:0
Голдар: Юрий Газинский, 12 (1:0). Денис Черышев, 43 (2:0). Артем Дзюба, 71 (3:0). Денис Черышев, 90+1 (4:0). Александр Головин, 90+4 (5:0). 

Сәйкес жаңалықтар

#САЙЛАУ2023

bairakkz

АРМАН АШИМОВ ПЕН КРИСТИАН ГОРСИЯ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

bairakkz

Өнерлі жұп таңдау жасады

bairakkz

Пікір жазу