Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Әйелдер ел алдына боянып шықпауы тиіс». ҚМДБ жаңа пәтуа шығарды

Шариғат заңы бойынша, әйелдердің көпшілік алдына боянып шығуына болмайды. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі оқырмандардың сұрағына жауап беру барысында айтылған, деп хабарлайды bairak.kz.
Нақтырақ атап өтсек, әйелдерге шариғатта бет-жүзіне боянуына рұқсат берілген. Бірақ белгілі бір шарттарды орындауы керек.

«Әйелдер күйеуінің алдында ғана боянады. Бұлардан басқа бөгде адамдардың алдында жұқартып немесе қалыңдатып болса да боянуға болмайды. Бояғыш заттардың құрамында нәжіс, харам, су өткізбейтін нәрселер болмауы тиіс», – деп жазылған ҚМДБ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ері қайтыс болған әйел аза тұтқан кезеңде боянып, иіс су себуге болмайтыны жазылған. Әйел боянған уақытта да «ысырапқа жол бермей, қалыптасқан әдет-ғұрыпқа қайшы келмеуі керек».

Фото: dzen.ru

Сәйкес жаңалықтар

Министр: Су тасқынына сақадай саймыз

bairakkz

Кәмшат Жолдыбаева өзін сынаған әріптесе жауап берді

bairakkz

Талғарда жаңа футбол академиясының құрылысы басталды

bairakkz