Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

TAS Group амбассадоры, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды — 6:3, 6:7 (5:7), 6:1).

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтып, 6:3, 6:1 нәтижесін тіркеді.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Батыр Жүкембаев Альберто Москуэраға қарсылас атанды

Ришат

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

bairakkz

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

bairakkz