Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Алматыда екі күнде екі мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Фото: Алматы қаласы ПД/Видеодан скрин

Алматы қаласында жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында жүргізілген «Стоп – бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы аралық қорытындысы жарияланды.

Полиция мәліметіне сәйкес, екі күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 4 828 дерегі тіркелген. Атап айтқанда:

  • Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалармен байланысты – 44 дерек;
  • Бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер – 8 факт;
  • Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану – 8 факт;
  • Қарсы қозғалыс жолағына шығу – 15 дерек.

Бұл құқықбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып саналады.

Іс-шара барысында 2 мыңнан астам көлік, оның ішінде шетелдік тіркеудегі автокөліктер, арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Қала полициясы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, негізгі магистральдарда сүзгілік бекеттер орнатқан.

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдинұр Тасыбаев іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу екенін атап өтті:

«Біз жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесуге баса мән береміз. Көлік басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған адамдардың жүргізуі, қарсы жолаққа шығу, жалған нөмірлерді пайдалану – адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Сондықтан біздің ұстанымымыз қатаң әрі принципті», – деді Әбдинұр Тасыбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Сәкен Бибосынов өзбек боксшысынан жеңілуіне не себеп болғанын мәлімдеді

bairakkz

Ғасыр құрылысы: Бұқтырма көпірі қос жағалауды жалғады

bairakkz

Ризабек Айтмұхан Алматыда Олимпиада чемпионына жол берді

bairakkz