Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Әнші Алтынай Жорабаева қызының жасауына қатысты қабылдаған шешімін айтты

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойына дайындықтың әлі толық басталмағанын айтып, болашақ құдағиымен жасауға қатысты қандай ортақ шешімге келгендерін бөлісті.

Өнер иесінің айтуынша, 5 шілдеден кейін той қамына белсенді түрде кіріспек. Алдағы жиырма күн ішінде қыздың жасауы мен тойға қатысты негізгі мәселелерді шешуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, тойға арналған киімдердің де әзірге дайын емес екенін жасырмады.

Әншінің сөзінше, болашақ құдағиымен алдын ала ақылдасып, дәстүрлі сый-сияпаттың кейбір түрлерінен бас тартуға келіскен.

«Болашақ құдағимен «киіт-миіт, бықи-тықи, ұсақ-түйек нәрселерді жасамай-ақ қоялық» деп келістік. Тек қажетті, маңызды дүниелерді ғана жасаймыз. Қыздың артынан баратын көрпе-төсек, сандық секілді заттар болмайды. Оның орнына өзіне күнделікті қажет болатын дүниелерді апарамыз деп шештік. Мата, киім сияқты қолдан қолға өтіп, ел аралап жүретін заттардан да бас тартуға келістік», – деді әнші.

Оның айтуынша, мұндай шешім екі жаққа да ыңғайлы әрі артық шығыннан сақтайды.

Сондай-ақ Алтынай Жорабаева алда сырға салу мен қыз ұзату рәсімдеріне тыңғылықты дайындық қажет екенін атап өтті. Әнші осы уақытқа дейін бұл мәселелерді ойлауға да жүрексінгенін айтып, дәстүр бойынша берілетін «тоғыздың» қандай болатынын алдағы уақытта ағайын-туыстарымен ақылдасып шешетінін жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Супермаркеттерде арзан ет сатылатын арнайы бұрыштар ашылады

bairakkz

Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

bairakkz

БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

bairakkz