Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Әнші Рамазан Стамғазиев такси жүргізушісі болып жүр

Әнші Рамазан Стамғазиев такси жүргізушісі ретінде көзге түсті. Бұл туралы Facebook қолданушысы мәлім етті, деп хабарлайды bairak.kz.

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиковтың айтуынша, оқиға Көктөбе маңында болған.

Көктөбеге жаяу шығуға ниеттендім, бірақ жолдың жартысында шаршап қалдым. Такси тоқтатпақ болып қол көтергенімде, қымбат көлік келіп тоқтады. Ішімнен «Рақмет, мейірімді жан» деп ойлап қойдым. Жүргізушінің жүзі таныс көрінді, бірақ кім екенін сол сәтте есіме түсіре алмадым. Кейін достарым оның Рамазан Стамғазиев екенін айтты. Өкінішке қарай, көлікте отырған кезде оны танымағаным көңіліме қаяу түсірді. Себебі ол – анамның сүйікті әншісі. Сондықтан оның әндері жазылған дискілерді жинап, кейбірін интернеттен жүктеп алған кездерім де болған, – деп бөлісті Кисиков.

Фото: Бекнұр Кисиковтың Facebook парақшасынан

Сәйкес жаңалықтар

Ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді

bairakkz

Алматыда «100 өлең-2024» республикалық көркемсөз оқу байқауы өтті

bairakkz

Елордада жүкті әйелге сирек жатырішілік ота жасалды

bairakkz