Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Арқалықта ақбөкеннің етін сатқан адам 3,6 жылға сотталды

Арқалық қаласының прокуратурасы қала аумағында бірнеше рет ақбөкеннің етін заңсыз сатқан адамды анықтап, оны соттатты, деп хабарлайды bairak.kz.

Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, ол бес тушаны сатқан. Бұдан мемлекетке 21 млн теңге залал келген.

«Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды және оның автокөлігін тәркіледі», — деп хабарлайды прокуратура. Оның үкімі заңды күшіне енген.

Сәйкес жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы (U17) 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі соңғы матчын ойнады

Ришат

Қазақстанда азық-түлік арзандады: картоп бағасы бір аптада 4,2%-ға төмендеді

bairakkz

Болат Назарбаевтың ұлы 63,7 млрд теңге қарызбен банкрот болуға тағы өтініш берді

bairakkz