Alash Pride FC промоутерлік клубының өкілі Арман «Сұңқар» Оспанов өзінің келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл туралы спортшының өзі сұхбатында айтып берді.
«Қазіргі жоспарым туралы айтатын болсам, мен жуық арада үйге барамын. Тауға барып, демалып біраз ойланамын. Отбасыммен бірге болуды ойластырып отырмын. Қазы-қарта жеп, шамалы салмақ жинау ойда бар. Содан соң темір көтеріп, шамалы физикалық дайындығымды күшейту керекпін. Одан кейін техника мен тактикама жұмыс істеймін. Демалыстан кейін менеджерім Әли Абду-Азизбен, ACB басшылары және Alash Pride промоутерлік клубының басшысы Данияр Қасқарауовпен ақылдасамын. Дегенмен жылдың соңына дейін, шамамен желтоқсан айында тағы бір кездесу өткіземін», — дейді Арман Оспанов.
Еске салайық, Арман Оспанов ережесіз жекпе-жектегі өзінің соңғы кездесуін Алматыда өткен АСВ-69 турнирінде өткізіп, бразилиялық Тьяго Луистан жеңілген еді. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.
qsport.kz