Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену». Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабар қоғамда үлкен күйзеліспен қабылданды.

Осы жағдайдан кейін ақынның үшінші жары Ханшайым Шаханованың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хаты жария болды. Хатта ол Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты мен жерлеу мәселесіне қатысты өтінішін жеткізген.

Ханшайым Шаханова хатында Мұхтар Шахановтың қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтіп, оның соңғы тілегін орындауға мемлекеттік деңгейде қолдау сұраған.

Хаттағы сөздердің бірінде былай делінген:

«Мұхтар Шаханов – тек ақын ғана емес, ол ұлттық намыстың символы, қазақ руханиятының асқар шыңы, саналы ғұмырын елінің азаттығы мен ана тілінің мәртебесіне арнаған ірі тұлға».

Сондай-ақ хатта ақынның соңғы аманаты – өзінің мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларының киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену екені айтылған.

Ханшайым Шаханова бұл мәселенің тек отбасының ғана емес, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдерінің ортақ тілегі екенін жеткізген. Ол Президенттен тиісті рұқсаттың берілуіне ықпал етіп, бұл үдерісті Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі арқылы үйлестіруге қолдау көрсетуді сұраған.

Ақынның қазасы қазақ әдебиеті мен руханияты үшін ауыр қайғы болды. Мұхтар Шахановтың есімі ұлт тарихында, поэзиясында және қоғамдық ойында мәңгі сақталары анық.

Сәйкес жаңалықтар

Менің дауысым маңызды

bairakkz

88 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов Еңбек ері атағын ала алмай жүр

bairakkz

Абылайхан Жұбаназар Ташкентте жүлде алды

bairakkz