Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада балалардың өмірін сақтап қалған жас дәрігер өмірден өтті

Фото: 1 қалалық ауруханасы

Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасының жас анестезиолог-реаниматолог дәрігері Александр Граб мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Ресми мәліметте өлімнің себебі нақты айтылмаған. Дегенмен көптеген ата-ана баласының өмірін құтқарып қалған білікті дәрігердің қазасына қайғырып, көңіл айтуда.

Аурухана ұжымы ресми хабарлама жасап:

Балалар анестезиологы-реаниматологы Александр Васильевич Грабтың қайтыс болғанын терең қайғымен қабылдадық. Ол бүкіл ғұмырын сәбилердің өмірін сақтап қалуға арнады, ұзақ жылдар бойы жансақтау бөлімін басқарды. Білікті маман, мейірімді әріптес әрі үлкен жүректі азамат әрдайым есімізде қалады. Александрдың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, – деді.

Сәйкес жаңалықтар

ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ӨТУІ МҮМКІН

Ришат

Ақтауда ауысым кезінде күзетші қаза тапты: сот істі қайта тергеуді міндеттеді

bairakkz

Бір қолға 5 келіден аспауы тиіс: Астанада картопқа шектеу қойылды

bairakkz